Теңіз техникасы және технологиялары бағыты бойынша РОӘК

12 желтоқсан күні Yessenov University-де «Теңіз техникасы және технологиялары» кадрларды даярлау бағыты бойынша республикалық оқу-әдістемелік кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Отырысқа Yessenov University Президенті және РОӘК төрағасы Берік Ахметов, ҚР Көлік министрлігі басқармасының басшысы Ж.М. Керімбаев, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың басшылары, кеме қатынасы және кеме сервисі компанияларының, теңіз оқу орындарының директорлары қатысты.

Отырыс барысында Теңіз білімінің сапасы бойынша ұсыныстар және су көлігі үшін, әсіресе еліміздің теңіз және өзен көліктері үшін білікті мамандарды даярлау мәселелері қарастырылды.