24 сәуір күні «Бизнес және құқық» факультеті «Қаржы» және «Экономика» кафедраларының ұйымдастыруымен «Тұрақты даму жағдайындағы экономиканы декарбонизациялаудың заманауи тетіктері» атты халықаралық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты – қоғам мен табиғаттың үйлесімді дамуына бағытталған инновациялық үлгілерді, көміртегі реттеуін жүзеге асыру тетіктерін іздеудегі өзекті мәселелерді талқылау үшінғалымдар мен мамандарды біріктіру.
Семинарға шетелдік университеттердің профессорлары қатысты: э.ғ.д., проф. Зенина Е.В., э.ғ.к., доцент Гапурбаева Ш.Р. – Қырғызстан Халықаралық университетінің «Менеджмент және экономика» кафедрасынан; Тургаева А. А. – э. ғ. к., Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінің экономикалық қауіпсіздік және тәуекелдерді басқару департаментінің доценті , Адильчаев Р.Н. – Тәжік мемлекеттік құқық, бизнес және саясат университетінің э.ғ.д., проф., Зумакулова Ф.С. – э.ғ.к., доцент Кабардино-Балқар аграрлық университетінен, Нұрайахметова С. М. – э.ғ.к., доцент Қазан мемлекеттік университетінен және т.б.
Халықаралық семинарда төмен көміртекті даму тұжырымдамасының басым бағыттары, технологиялық құрылымға көшу мәселелері, көміртекті реттеу тетіктері, көміртекті қажетсіну көрсеткіштері, төмен көміртекті дамудың әлеуметтік-экономикалық әсерінің экологиялық және энергетикалық индикаторлары және басқа да мәселелер, сондай-ақ бірлескен ғылыми және академиялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.