5 желтоқсан күні Yessenov University-де «Тұрақты дамуға көмектесу» қоғамдық қорымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бұл ынтымақтастық The Coca-Cola Foundation қолдауымен «Пластикті қайта өңдеуге “Иә!” деп жауап бер» жобасының аясында құрылған “PlastNet” пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу бойынша желілерді құру шеңберінде жүзеге асырылады.
Жобаның университет тарапынан үйлестірушісі ҚХА кафедрасының жанынан құрылған «Қоғамға қызмет» орталығы.
Меморандуға қол қою рәсіміне Yessenov University Президенті Берік Ахметов, «Тұрақты дамуға көмектесу» ҚҚ мамандары А.Севериненко, Ж.Муханов, И.Завьяволова және «Қоғамға қызмет» орталығының қызметкерлері қатысты.
Бұл ынтымақтастық экологиялық таза болашақты құру үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.