25 қазан күні Yessenov University «Төртінші онжылдықта Тәуелсіз Қазақстан» атты жастар форумы өткізілді
Форум жұмысына Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Сали Нұртас Төребекұлы, «JAS OTAN» МОФ төрағасы Мағдатов Наурызбек Серікұлы және Маңғыстау облыстық маслихат депутаты Сүгірбай Аят Исатайұлы Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктер мен қазіргі таңдағы жастардың талпыныстары, жұмыспен қамту, тұрғын үй мәселелері, белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға бағытталған жобалар туралы баяндама оқыды.
Сондай-ақ, аймақтағы жастарды дамыту және студенттік өзін-өзі басқару мәселесі бойынша UNION Жоғарғы Студенттік Кеңесінің президенті Жұмажан Диас Қайратұлы сөз сөйлеп, ұсыныстарын білдірді.
Шара соңында аймақтағы жастардың түйіткілді мәселелері көтеріліп, оларды шешу мақсатында шешім қабылданатыны айтылды