Есептік кездесу

Құрметті достар!

Сіздерді 27 қазан күні, сағат: 11:00-де өңіріміздегі бірден бір жоғарғы оқу орны Yessenov University 2020-2021 оқу жылындағы атқарған қызметі туралы университет Президенті Ахметов Берік Бақытжанұлының қоғам алдындағы есепті кездесуі тікелей эфирде өтетіндігін хабарлаймыз

Ректор оқу жылының аяқталуы бойынша қоғамдастық пен жоғары оқу орнының оқу, ғылыми-зерттеу мәселелері туралы баяндайды. Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуы үшін оқыту, шабыттандыру және зерттеулерді дамыту миссиясын көздейтін университеттің ашықтық, ықыластылық, креативтілік сынды құндылықтары бар. Осы құндылықтардың ішінде ашықтықты дәріптеп, қоғам алдында есепті кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Тікелей эфирге қосылып, білім ордасының жұмысымен танысып, сұрақ қойып, ұсыныс айтуға мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!

Сілтемені біздің стористен таба аласыздар!