СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ

Yessenov University мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті  “Саналы ұрпақ -жарқын болашақ” жобасы аясында жастардың бойында адалдық қасиеттерді нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында, сондай ақ білім алушыларды шығармашылық әрекетке тартып, дарынды студенттерді анықтап және қолдап, оларды танымдық қызығушылықтарға ынталандырып, шығармашылық және көркемдік қиялдау дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере отырып “СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ” атты байқауына қатысуға шақырады. 
Байқауға қатысушылар өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеп, бейнеролик (2 мин), сурет, мақала, эссе, пост жазып (біреуін таңдап) оны өздерінің әлеуметтік желілердегі парақшаларына #baikay_yulife  хэштегімен қазан айының 12 мен 20 аралығында орналастыру керек. Байқауымыздың жеңімпаздарын тағайындалған комиссия 21 қазан күні анықтайтын болады.
Университет жастары, байқауға белсене қатысып сыбайлас жемқорлықты бірге жеңейік!