Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіру

3 қазан күні Yessenov University оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Хайруллин Біржан Марданұлы семинар қатысушыларына қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндірді.

Семинар барысында заңнамалардағы өзгерістер кеңінен таныстырылып, маңызды ақпараттар берілді.