3 қазан күні Yessenov University оқытушылары мен қызметкерлеріне арналған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндіру» тақырыбында семинар өтті.
Семинарда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысының бірінші орынбасары Хайруллин Біржан Марданұлы семинар қатысушыларына қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды түсіндірді.
Семинар барысында заңнамалардағы өзгерістер кеңінен таныстырылып, маңызды ақпараттар берілді.