СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ АТАНДЫ

Маңғыстау облысының әкімдігі «Жылдың үздік студенті» облыстық байқауын ұйымдастырған болатын.
Байқау талаптары бойынша оқуда озат, білім-ғылымға бейім, қоғамдық жұмыстар мен мәдени-көпшілік іс-шараларға белсенді қатысып жүрген студенттердің еңбегі лайық бағаланды. Бұл сайыстың негізгі номинацияларында Yessenov University студенттері топ жарып алға шықты.

 

🏆 Бизнес және құқық факультеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4-курс студенті ФАТИМА ЕСЕНҒАЛИЕВА «ЖЫЛ СТУДЕНТІ-2022» номинациясын жеңіп алды.

🏆 Туризм және тілдер факультеті «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті АҚМАРАЛ АТАМҰРАДОВА «ҮЗДІК БЕЛСЕНДІ» номинациясының иегері болды.

 

Студенттік істер және қоғаммен байланыс жөніндегі вице-президент Е. Т. Маханбет Фатима мен Ақмаралды арнайы қабылдап, жеңістерімен құттықтады.
-Төрт жыл бойы үздік оқып, өнер үйірмелерінің негізін қалап, жетекшілік етіп келе жатқан студенттеріміздің жетістіктерін құрбы-достары мен ізбасарларына үлгі қыламыз.
Қос жеңімпазымыз бұл атаққа тек бір жылдың жұмысымен ғана емес, студенттік жылдарындағы жалпы еңбегімен жетіп отыр. Сондықтан олардың осы қарқынын бәсеңдетпей, болашақ бәсекелерде де үздік шығуын тілейміз!-дед ол. 

#YessenovUniversity, #ЖылдыңҮздікСтуденті, #ЖылСтуденті2022