Студенттеріміз әлем чемпиондары!

Студенттеріміз әлем чемпионы атанып жатыр!

Yessenov University сапындағы төрт бірдей спортшымыз Түркияның Стамбул қаласында өткен жастар арасындағы 11-Shotokan Karate әлем чемпионатынан олжамен оралды.

Болашағынан көп үміт күттіретін ақтаулық ағалы інілі Дене шынықтыру және спорт кафедрасының  1 және 4- курс студенттері Мұхит Азамат және Айдос Ерғалиұлдары алтыннан алқа тағып, абыройымызды асқақтатты.

4-курс оқитын Азамат  бір жыл бұрын Германияда өткен халықаралық турнирден 2-орын алған және көптеген республикалық жарыстардан алдыңғы орындарды иеленіп жүр. 10 жасынан бастап каратэмен айналысқан Азаматтың інісі Айдос та ізімен келеді.

Осы чемпионатқа университет атынан қатысқан төрт студентіміз, ағайынды Ерғалиұлдары және 2-орын иегерлері Алтынбек Олжас және Есенбай Амангүл  Yessenov University-дің ғана емес, бүкіл қазақ жұртының мақтанышы болады деп сенеміз!