30 наурыз күні Yessenov University-де «Startup Bolashak: Менің Арманым» Республикалық ұлттық жобасының өңірлік іріктеу кезеңі салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты шара барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі жанындағы өкілдік басқармасы бөлімінің басшысы Бахтыгүл Қасымова және Yessenov University ректоры Берік Ахметов сөз сөйледі.
Байқауға қатысып, бақтарын сынау мүмкіндігіне 16-35 жас аралағындағы жастар ие болды. Нәтижесінде 245 өтініш қабылданды.
Байқаудың мақсаты – жастар арасында кәсіпкерлік мәдениетін қалыптастыру, қатысушыларға жеке істерін ашуға қолдау білдіру.
Сонымен қатар ашылу салтанатына үздік халықаралық және жергілікті менторлар, бизнес тренерлер және кәсіпкерлер қатысты.