Дене шынықтыру және спорт


№ ОН түрі ОН сипаттамасы 1 Когнитивтік құзыреттілік – жалпы білім беретін пәндер циклі бойынша сапалы білім көрсетеді 2 Когнитивтік құзыреттілік – құқықтық және экономикалық мәдениет деңгейін арттыру, кәсіби қызметте ақпараттық технологиялар базалық дағдыларға ие, олардың бірлігінде жалпыадамзаттық ұлттық құндылықтар жүйесіне бей-жай қарамайды, кәсіби дағдыларды дамытуға және жетілдіруге ықпал ететін креативті ойлауды көрсетеді. 3 Функционалдық құзыреттілік – қоғамға қызмет етеді, проблемаларды анықтайды, жобалар жасайды, эмоционалды интеллект деңгейі жоғары, өзін және айналасындағылардың эмоцияларын тани алатын, ғылыми ақпарат, академиялық сипаттағы мәтіндермен жұмыс жасайтын, ДШС саласында кәсіби шет тілін қолданатын маманды қалыптастырады.. 4 Функционалдық құзыреттілік – жаһандық экология, кәсіпкерлік, мектеп оқушыларының психологиясы мен физилогиясы туралы білімдерін, сондай-ақ инкюзивті білім беруді интеграциялайды, цифрлық технологияларды қолдана отырып, болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін көрсетеді, сондай-ақ практикада ДШС саласында критериалды бағалау технологиясын қолданады. 5 Жүйелік құзыреттілік – іс жүзінде педагогикалық зерттеу әдістерін қолданады, сөйлеу өнерін біледі, анатомиялық талдау әдістерін, сонымен қатар жынысы мен жасын ескере отырып, ДШС педагогикасы мен психологиясын қолданады. 6 Жүйелік құзыреттілік – ДШС тарихын, жеңіл атлетика мен кросс, гимнастика және спорттық ойындар, қозғалмалы ойындарды оқыту әдістерін біледі. ДШ сабақтарын және оқу-жаттығу сабақтарын талдайды. ДШ бойынша сабақ жоспарларын әзірлейді. 7 Әлеуметтік-коммуникативтік құзыреттілік – ДШ теориясы мен әдістемесін талдайды, жүзуді үйретеді, емдік дене шынықтыру мен массаждың, wellness-коуч негізін қолданады, салауатты өмір салтының технологияларын көрсетеді, Дене шынықтыру және спорт менеджменті және маркетингі саласындағы кәсіпкерлік қызметті іске асыруға қатысты ұсыныстары бар. 8 Метақұзыреттілік – белсенді туризм, қолданбалы дене тәрбиесі және ерекше қажеттіліктері бар адамдармен спорт бойынша кәсіби дағдыларын жетілдіреді. Ұлттық спорт түрлері мен Олимпиада ойындарды ажыратады, дене шынықтыру және спорт саласындағы практикалық іс-әрекетте ғылыми тәсілдерді қолданады, теориялық және әдіснамалық ойлауды дамыту негізінде дене шынықтыру және спорт саласындағы заманауи ғылыми мәселелер мен практикалық мәселелерді шығармашылықпен шешеді.