Қазақ тілі мен әдебиеті (BL)


ON 1 – Табиғи және әлеуметтік дүниені философиялық пайымдаудың өнімі ретінде дүниетанымдық негіздерді меңгереді. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндерді сандық технологияның көмегімен талдау мен басқарудың құралдарын игереді. ON 2 – Ана тілі мен әдебиетінің ерекшеліктерін анықтайды, метатілді, ғылыми-ұғымдық аппаратты ғылыми-кәсіби қызметте дұрыс пайдаланады. Үйретілетін тілді тасымалдаушылармен өзінің тілдік және сөйлеу дағдыларын тілдік нормаларға сәйкес құрады; тілдік қауымдастықтың әлеуметтік-мәдени ақпараттарда бейнеленетін құндылықтық принциптері мен басымдықтарын айқындайды және бағалайды ON 3 – Кәсіби-педагогикалық қызметтің іргелі ғылыми-теориялық негізін қамтамасыз ететін психо-педагогикалық, лингвистикалық, әдебиеттанушылық, әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану-ғылыми пәндердің базалық ережелерін; еліміздегі білім беру саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттарды біледі. ON 4 –«Дүниенің ұлттық бейнесін» бейнелейтін ұғымдар жүйесін пайымдайды; тілде бейнеленетін әдеби феномендерге баға береді; тіл бірліктерін еркін қолдана алады; арнайы және көркем мәтіндерді түсіндіріп, жинақтай алады. ON 5 – Оқыту әдістемесін меңгерте отырып, білім алушылардың бойына ұлттық, қазақы дүниебейнесін қалыптастырады; тұтас оқу процесін мемлекеттік, қазақ тіліне құрады, кәсіби сөйлеу мәдениетін игереді; инновациялық технологияларды кеңінен қолдана отырып, білім алушылардың бойына коммуникацияның ауызша және жазбаша ормаларын жүзеге асыру қабілеті мен дайындығын қалыптастырады. ON 6 – Оқытылатын қазақ тілінің ерекшеліктерін игеруге деген білім алушылардың танымдық қабілеттері мен қызығушылықтарын дамытады, оқушылардың бойында туған халқының мәдениетіне деген жағымды қатынасы мен перзенттік махаббатын қалыптастырады, білім алушылармен қарым-қатынаста әдеп пен құқықтық нормаларды, педагогтік әдепті сақтайды. ON 7 – Тіл мен әдебиетті оқытудың әдіснамасы мен теориясын концептуалдық негізде жобалайды, мейлінше нәтижелі құзіреттілікке бағытталған оқыту моделі ретінде оқу процесінің жүрісін ұйымдастырып, бағалайды. ON 8 – Білім алушылардың бойында білім – рухани байлық көзі идеалына сәйкес құндылықтар жүйесін қалыптастырады; білім алушылардың өзіндік даму мен өзіндік жетілу талпыныстарын қолдайды, еңбекке деген сыйластық қатынастарын дамытады; «Мәңгілік Ел», «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламаларын басшылыққа ала отырып патриотизм, өз елінің барлық саладағы жетістіктеріне деген мақтаныш сезімін қалыптастырады.