PICASP ERASMUS+ ЖОБАСЫ аясында Италияда жоба қатысушыларының кездесуі

     ERASMUS+ бағдарламасы аясында «Университеттер мен кәсіпорындар ынтымақтастығы негізінде Каспий аймағын дамытуға арналған практикалық бизнес бойынша пилоттық курстар» жобасымен 2022 ж. 12-17 қыркүйек аралығында Италияда жоба қатысушыларының кездесуі және Chieti University мен ICA (Istituto Centrale per l’Archeologia) (орталық археология институты) Италия Мәдениет министрлігімен бірлесіп мәдени-білім беру турын ұйымдастырды.  Ш. Есенов атындағы Каспий технология және инжиниринг университетінен жоба зерттеушілері А.Г. Гусманова, Э.Т. Жанғожаева және Ж. Низаматдинова жұмыс сапары барысында дөңгелек үстелдер мен семинарларға қатысты. 

     12 қыркүйекте Рим қаласында Италияның Мәдениет министрлігімен бірлесіп “Итальяндық мәдени мұраны қорғау және оның құндылығын арттыру” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

     2022 ж. 14 қыркүйекте Chieti университетінде “Мәдени туризм мен әкімшілік мәселелерді жүзеге асыру үшін курстар, ақпарат тарату және тілдер” тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.