Yessenov University мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім алушыларды «ШЫНШЫЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ» атты онлайн сурет байқауына қатысуға шақырады.
⠀
Байқауды өткізудің мақсаты — қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу.
⠀
Байқауға қатысушылар өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеп, оны өзінің instagram парақшасына #adalbolstudent хэштегімен 15 мамырына дейін орналастыру керек.
⠀
Өзіндік идеясымен оза шауып, ең көп лүпіл жинаған қатысушыларымыз, байқауымыздың жеңімпазы атанбақ.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!