Шыншыл және сатылмайтын еңбек бейнесі

Yessenov University мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті білім алушыларды «ШЫНШЫЛ ЖӘНЕ САТЫЛМАЙТЫН ЕҢБЕК БЕЙНЕСІ» атты онлайн сурет байқауына қатысуға шақырады. ⠀ Байқауды өткізудің мақсаты — қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, өскелең ұрпақты адал еңбекке үйрету, еліміздің ертеңі жарқын болатынындай азаматтарды тәрбиелеу. ⠀ Байқауға қатысушылар өзінің еңбегіне деген шыншылдық қатынас, адалдық, параға төзбеушілік туралы білімдерін бейнелеп, оны өзінің instagram парақшасына #adalbolstudent хэштегімен 15 мамырына дейін орналастыру керек. ⠀ Өзіндік идеясымен оза шауып, ең көп лүпіл жинаған қатысушыларымыз, байқауымыздың жеңімпазы атанбақ. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!