Шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша грантқа конкурс жарияланады

Share on social networks

2022-2023 оқу жылының күзгі семестріне Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне және АҚШ-қа бакалавриат студенттері үшін шетелдік академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша грантқа конкурс жарияланады.

Қабылдау талаптары:

1. Қазақстан Республикасының азаматы болуы;

2. 2022-2023 оқу жылы кезінде 2 немесе 3 курс студенті болуы;

3. GPA 2,67 немесе одан жоғары болуы;

4. Кем дегенде B2 деңгейіндегі тілді меңгеру сертификатының болуы (бар болса, IELTS 5.5 және одан да жоғары)

5. Университет алдында академиялық немесе қаржылық қарыздарының болмауы.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар тізімін ұсыну қажет:

1) Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;

2) ЖОО мөрі басылған ағымдағы үлгерім бойынша транскрипт;

3) шет тілін меңгеру деңгейін растайтын құжат.

Қажетті құжаттардың толық топтамасы “ҚР БҒМ академиялық ұтқырлық” тақырыбымен info@yu.edu.kz (көшірмесін alisher.baltabay@yu.edu.kz міндетті түрде) электрондық поштасына 2022 жылдың (қоса алғанда) 20 маусымға дейін жіберілуі тиіс. Немесе қағаз нұсқасында  A1204 (12-қабат) кабинетіне тапсырыңы.

Қосымша ақпарат алу үшін Халықаралық кеңсеге келесі телефон арқылы хабарласуға болады: +7 7292 788 788 (261).