Yessenov University аға оқытушылары Кирилл Осин мен Жұлдыз Низамадинованың басшылығымен «Туризм» мамандығының 2-3 курс студенттері үшін далалық тәжірибелік семинары өткізілді. «Эко Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы (басшысы Кирилл Осин) мен «Этно-Тур» компаниясының қолдауымен студенттер «Бекіре фермасы – Қошқар-Ата мазары – Қапамсай шатқалы – Шақпақ-Ата жер асты мешіті – Кенті баба некрополы – Сұлтан-Үпі жер асты мешіті мен шатқалы» маршруттары бойынша саяхатқа шыққан болатын. Студенттер туристтік маршруттарды дамытуға, Маңғыстаудың сауықтыру орындарына және рекреациялық аймақтарға бөлудің теориялық негіздерін тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар екінші курс студенттері қызықты экскурсиялық бағдарлама дайындап, ал үшінші курс студенттері сауықтыру әлеуетін зерттеуді жүргізді.