Полиция өкілдерімен кездесу

Жастар арасындағы есірткілік және психотроптық заттарды қолданудың алдын алу және ҚР БжҒ министрлігімен қойылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында «Бизнес және құқық» факультетінде «Құқықтану» кафедрасымен Маңғыстау облысы Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері: Есірткі бизнесімен күрес басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры К.А. Будайчиев, Ювеналды полиция бастығы, полиция капитаны Б.Т. Көшеров, МО наркологиялық диспансерінің нарколог дәрігері К.А. Елеуова, Салауатты өмір салтын қалыптастыру облыстық орталығы директорының орынбасары М.С. Мустафинаның қатысуымен #PublicTalk» өткізілді. Жастар арасында есірткілік заттардың таралуының факторлары мен себептері талқыланды. Студенттерге толық ақпарат беріліп, олар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауаптар алды.