SafBon Water Service (Holding) Inc

Share on social networks

Yessenov University Әлемдік үздік компаниялардың бірі «SafBon Water Service (Holding) Inc» компаниясының Қазақстандағы басқарушы директоры Ердос Спандиярмен келіссөз жүргізілді. 

Кездесу барысында су тұщыту бойынша білім беру бағдарламасын жасақтау, кадр дайындау және бірлесе ғылыми-зерттеу жұмыстарын жасау мәселелері талқыланды. 

«SafBon Water Service (Holding) Inc» компаниясы Қытайдың Шанхай қаласында орналасқан өндірістік ағын суларды, қалдық сулар мен қатты қалдықтарды қайта өңдеумен және газ ағыны қозғалысын реттеумен айналысады. АҚШ, Швейцария, Германия мен Австрия елдерінде  филиалдары бар, соңғы жиырма жыл ішінде 500-ден аса су өңдеуге қатысты ірі жобаларды жүзеге асырған.