27 сәуір күні Yessenov University бас ғимаратында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері Берік Әбдіғалиұлымен «Тарихты ұғыну: Қазақстанның киелі жерлері» атты сараптамалық кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Жолдыбалина Алуа Серикқызы, аталған бөлімінің аға ғылыми қызметкері Санхаева Жанара Магажанқызы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Маңғыстау өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері, өңірлік жобалық офисі қызметкерлері, Yessenov University ғалымдары, облыстық әкімдік, облыстық ішкі саясат қызметкерлері мен бөлім басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Кездесу барысында Берік Әбдіғалиұлы – «Қазақстанның киелі жерлері», Алуа Жолдыбалина «Рухани жаңғыру: сарапшылар көзқарасы» тақырыбында баяндама оқыды.
Сонымен қатар өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері – А.Еділхан, Н.Құлбаев, Б.Нұрдәулетова, Э.Абланова Маңғыстаудың жер киесі мен сөз киесіндегі рухани құндылықтар оларды сақтау, қорғау, кейінгі ұрпаққа насихаттау мен зерттеп-зерделеудің өзекті мәселелері туралы ойларын ортаға салды.
Жарыссөзде тарихшылар, өлкетанушылар, басқа да ғалымдар, зерттеушілер «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан және атқарылуға тиісті жұмыстар мен іс-шаралар туралы пікір білдірді.
Сарапшылар кездесу барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 1 жылда жүзеге асырылған жобаларды талқылап, келешектегі негізгі бағыттар мен негізгі іс-шараларды қорытындылады.