Rimantas Želvys қонақ дәрісі

22 қараша күні Yessenov University-де студенттерге, магистранттарға, докторанттарға және оқытушыларға шетелден келген педагогика ғылымдарының докторы, Вильнюс университетінің профессоры Римантас Желвиспен (Вильнюс, Литва Республикасы) «Education and globalization» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.

Дәріс барысында білім берудегі реформалар мен жаһандық проблемалар талқыланды.
Сонымн қатар, Вильнюс университеті мен олардың білім беру жүйесі де таныстырылды. Профессордың сөзінен кейін қатысушылар дәріс тақырыбын және білім берудің бүгінгі мәселелерін белсенді түрде талқылады.

Студенттер шетелде білім алу туралы және профессордың тәжірибесіне қызығушылық танытты. Олар орыс және ағылшын тілдерінде қызықты және өте өзекті сұрақтар қойп, тұщымды жауаптар алды.