23 қазан күні Yessenov University-де Республика күніне арналған кеңейтілген іс-шара өтті.
Жиналған оқытушылар құрамы мен студент жастар жиналған ұлттық шарада ректор Б.Ахметов және Ақтау қаласының әкімі Ұлықбек Тналиев Республка күнімен ресми құттықтады.
Одан кейін қала әкімі шахардың әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан бір топ универсиеттің ұстаздары мен қызметкерлерін «Ақтау қаласына 60 жыл» мерекелік медалымен марапаттады.
Сонымен қатар университет басшысының тапсыруымен Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрлігінің және Yessenov University-нің естелі төстік белгісімен және Құрмет грамоталарымен бірнеше профессор-оқытушылар және университет қызметкерлері марапатталды.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.