Қайрат Атажанұлы Күтербековтың қонақ дәрісі

25 қыркүйек күні Қазақ-Неміс тұрақты инженерия институтының студенттеріне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы “Еуразиялық физика-энергетикалық зерттеулер және ғылымды қажетсінетін технологиялар институты” ҒЗИ директоры, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Атажанұлы Күтербеков қонақ дәрісін өткізді.

Қайрат Атажанұлы болашақ энергетиктерге жасыл сутегі индустриясы саласындағы зерттеулердің тарихы, оны өндірудің Маңғыстау облысы мен жалпы Қазақстан экономикасы үшін маңызы мен қажеттілігі туралы айтып берді.

Профессор студенттердің алдында көміртегі шығарындыларымен қоршаған ортаны ластамайтын сутегі өндіру әдістерін қарастырды. Ең көп талқыланатын әдістердің бірі — күн және жел энергиясы сияқты жаңартылатын энергия көздерін пайдалана алатын су электролизі. Бұл процесс “жасыл” сутегі деп аталады, өйткені ол парниктік газдар шығармайды және көміртегі ізін азайтуға көмектеседі.

Профессордың дәрісі “жасыл” сутегі туралы қосымша білімнің қайнар көзіне айналды және студенттерді осы саланы тереңірек зерттеуге шабыттандырды.