Қадірлі Отандастар, құрметті әріптестер!

Share on social networks

Әлемнің барлық дерлік елдерінде адамзатқа үлкен кесірі тиген коронавирус дерті Қазақ елін де айналып өтпеді. Бұл жағдайды экономикалық дағдарыс та ушықтыра түсуде. Әлемге бұндай төнген қауіптің арасында қазақ халқы өз жай-күйін ата-бабаларымыздан қалған, қазақтың қанына біткен қасиет ауызбіршілік пен ұйымшылдық арқасында берік ұстауда. Жұмылған жұдырықтай бір болып, елдегі ахуалды түсініп, барлық қауіпсіздік шараларын жасауда. Қәзіргі қиындықты еңсерудің басты кепілі – біздің бірлігіміз.

Осы орайда, елдегі төтенше жағдайға қарамастан қашықтан оқып жатқан студенттерімізге сапалы білім беруге бар ынтасымен кіріскен профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім ордамыздың еңсесін еңкейітпеуде еңбектеніп жатқан қызметкелерге, Маңғыстаулықтардың көк ордасы атанған – Yessenov University барлық құрамына, әріптестеріме алғысым шексіз!

Бүгінгі қоғамда болып жатқан қиындықтарды ескере отырып, азық-түлік пен ең қажетті тауарлардың, медициналық қажеттілікке арналған заттардың тапшылығына жол бермеу мақсатында Yessenov University басшылығы барлық оқытушылар мен қызметкерлерге көмек ретінде бір лауазымдық көлемінде сыйақы беруді жөн санап отыр.

Шуақты мереке қарсаңында әр отбасыға шаттық пен береке тілеймін! Бірлігіміз байрақты болсын!

#bizbirgemiz