Құттықтау

Yessenov University “ҚХА” кафедрасының оқытушысы Ноғаев Әділет Назарбекұлы, әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды басқармасының тәлімгер маманы  Ермуханова Назерке Асылбековна, қазақ тілі және әдебиет мамандығының 3 курс студенті Набиева Нұржауған Темірханқызы, Сіздерді, аймақтағы азаматтық қоғам құру және волонтерлік қызметті дамытуға қосқан үлестері үшін Ұлттық волонтерлік желісінің атқарушы директоры, Республикалық волонтерлер Фронт-офисінің басшысы Т.А.Миронюк атынан алғыс хат алуларыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 

Сіздерге, еліміздегі жастарға тәрбие беру жолындағы игі істеріңізге шығармашылық табыс, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз!