Жоғары руханият – зайырлы қоғам және діни құндылықтар негізі

21 қыркүйек күні Yessenov University студент жастардың діни сауаттылығын арттыру және қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру мен діни экстримизмнің алдын алу мақсатында  “Жоғары руханият – зайырлы қоғам және діни құндылықтар негізі” атты сұхбат алаңы ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шараға, “КазИслам” ақпараттық-танымдық Интернет порталының үйлестірушісі, Рһd доктор – Бердалиев Исатай Турганалиұлы, Маңғыстау облысы дін істері басқармасы, ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жұмыстары бөлімінің басшысы – Ордаған Нұрсұлтан Махмутұлы, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастарының өкілдері қатысты. 

Сұхбат алаңында елімізде жастардың діни сауаттылығы және қоғамның бейбіт түрде дамуы бойынша пайдалы ұсыныстар мен ұтымды пікірлер айтылды.