Құрметті Отандастар!

Сіздерді қайырымдылық пен ізгіліктің мерекесі – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті достар!

Бұл мерекені ағайын мен жақын туыс-жарандарды, көпшілікті жинамай, елдегі қазіргі жағдайға бей-жай қарамай карантиндік шектеулерді ескеріп, түсіністікпен қарауыңызды сұраймын! Мейрамды әр жанұя өз отбасымен өткізгені абзал.

Ендеше, Алла тағала баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын. Құрбан шалып, ниет еткендердің ниеті қабыл болғай!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Құрбан айт мүбәрак болсын!