23 ақпан күні Yessenov University-де «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының ұйымдастыруымен ардагер, құрметті жер қойнауын барлаушы, ҚР Энергетика министрлігінің үздігі А.Н. Лифаренкомен кездесу өтті.
Кездесуге мұнай өнеркәсібінің және Маңғыстау облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, Yessenov University профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.
Академиялық жұмыс жөніндегі вице-президенті Қ.Қ.Макулов, Т.Г.Шевченко атындағы украин этномәдени бірлестігінің төрағасы О.Ю.Белоножкина алғы сөз сөйледі.
Маңғыстау облысындағы геологиялық барлау қызметінің дамуы туралы геология-минералогия ғылымдарының кандидаты, «Геология» кафедрасының доценті Г.В. Тарасенко баяндама жасады.
Сонымен қатар, студенттер Украина этномәдени бірлестігінің тарихи тұлғасымен және мұнай-газ өндірісінің үздік маманымен жеке кездесіп, өз сұрақтарын қойып, геология саласындағы кәсіби қызметін дамыту үшін бірқатар нұсқаулар мен кеңестер алудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.