«Plastic Bench» мен “Ақылды орындық” жобасы

Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығының гранты аясында қайта өңделген пластик қалдықтарынан жасалатын «Plastic Bench» жобасы мен “Ақылды орындық” жобасының жұмысын аяқтадық

Күн панелінен қуат алып, әртүрлі гаджеттер мен құрылғыларды зарядтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қаламыздың экологиясын тазарту мақсатында жасалған орындықта біраз еңбекті қажет етті. Жұмыс істеу барысында команда мүшелерімен әлеуметтік және іскерлік қарым-қатынастарымызды дамыта түстік. Адамның қоғамда қалыптасуына топтық жұмыс көбірек ықпал ететініне көзіміз жетті.

Uxiship (Erasmus+) халықаралық бағдарлама бойынша университетімізге келген AlmaU және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті студенттері аяқталған жобамыздың куәгері болды.