Pizza Pitch Yessenov University қабырғасында стартапшылар мен ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өтті

Каспий кәсіпкерлік орталығы Маңғыстау it – хабымен бірлесіп осы іс – шараны бастаушы стартаптарға өз жобалары туралы айтуға, жобаны дамыту үшін құнды фидбек пен пайдалы байланыстар алуға мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырды. Он екі жоба НИШ мектебінің оқушыларымен және университет студенттерімен сала мамандарының алдында таныстырылды. жобаларды жақсарту бойынша кеңестер алынды. Пікірлес адамдармен және сарапшылармен жанды қарым-қатынастың арқасында стартапшылар бейресми жағдайда тәжірибе алмасты және кәсіпкерлік дағдыларды дамыту бойынша кеңестер алды. Іс-шараға “Додо-пицца” компаниясы демеушілік жасап, қатысушыларымызды қуантты