Педагогикалық қызметтегі SOFT SKILLS

Share on social networks

3 қараша күні Білім берудің жоғары мектебі ұйымдастыруымен 31.10-4.11.22 ж. аралығында ұйымдастырылған «Педагогикалық білім беруді жетілдірудегі заманауи трендтер» курсы бойынша «Педагогикалық қызметтегі SOFT SKILLS» тақырыбында «Қазақ филологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Көшімова Бибатпа Әмірханқызының жүргізуімен дәріс өтті. 

Дәріске Ақтау қаласының №25 ЖББМ мен  Мұнайлы ауданының №9 ЖББМ мектебінің ұстаздары қатысты. Дәріс барысында «Эмоционалдық интеллект. Өз эмоциянды басқаруға қалай үйренуге болады?» және «Жалпы білім беру мектептерінде икемді дағдыларды (SOFT SKILLS) тиімді қолдану» мәселелері қарастырылды. 

Мектеп қабырғасында оқушымен тәрбие жұмыстарының жүргізілу барысы талқыланып, икемді дағдылардың (SOFT SKILLS) тиімді қолданылуы түсіндірілді. Шара соңында мектеп ұстаздармен кері байланыс орнатылып, сұрақтарға жауап берілді.