ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША ХV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА ЕРЕЖЕСІ
Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті 2023 жылдың 27-28 cәуір аралығында Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңін өткізетінін мәлімдейміз.
 
Олимпиаданың II кезеңі 2023 жылдың 27 сәуірінде сағат 10:00-де офлайн форматта өткізіледі.
 
Олимпиадаға қатысуға 6B01101 – “Педагогика және психология” ББ бойынша білім алушы қазақстандық жоғары оқу орындарының 2-3 курс студенттері шақырылады.
Қатысу тілі: қазақ, орыс.
Олимпиаданың мақсаты: Олимпиада белсенді және талантты білім алушыларды қолдау, студенттерге жарыстық ортаны құру және практикалық тәжірибелері мен ғылыми іс-әрекеттерін жетілдіру үшін, педагогика және психология саласы бойынша студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін көрсету мақсатында жүргізіледі.
Олимпиаданың міндеттері:
- Педагогика мен Психология саласына қызығушылықты дамыту;
- “Педагогика және психология” мамандығы мен педагогика ғылымдарды танымал ету;
- ҚР ЖОО-ның студенттері мен оқытушылары арасындағы ғылыми-практикалық ынтымақтастықты кеңейту
- студенттер арасында кәсіби позицияны қалыптастыруға ықпал жасау;
- педагогиканың дамуы мен педагогикалық идеялардың эволюциясы арқылы педагогикаға жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде қарау, жеке тұлғаның мәдениетін педагогика арқылы тәрбиелеу;
- студенттердің көшбасшылық әлеуетін ашу үшін жағдай жасау.
 
Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу
- Олимпиаданы өткізуге басшылық жасауды базалық ЖОО және басқа ЖОО өкілдерінен құралған ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
- Қатысушылар тобы 3 студенттен аспауы міндетті.
- Конкурсқа қатысушыларға ағымдағы оқу жылының 20 сәуіріне дейін Олимпиаданы ұйымдастырушылар комитетіне комитетіне электронды құралмен келесі құжаттарды жіберу керек:
- Қатысуға өтініш;
- Мекеме басшысынан хат;
- Олимпиаданы 1 кезеңі қорытындысы туралы комиссия хаттамасы.
 
2023 жылдың 1-20 сәуір аралығында – олимпиадаға қатысушыларды тіркеу, malika.begimova@yu.edu.kz электронды мекен-жайға “Педагогикадан Республикалық пәндік Олимпиада” тақырыбында өтініш беру.
Олимпиада 3 кезеңнен тұрады.
 
І тур. Командалар мен ЖОО-ны таныстыру (Үй тапсырмасы)
Мақсаты:
- Команданың таныстыру сөзі;
- Қатысушылардың өз ЖОО- мен таныстыруы;
- Педагог-психолог имиджін ұсыну.
 
Негізгі талаптар:
Сөйлеу регламенті – 5 минуттан аспау қажет. Бағалау критерийлері (ең жоғары – 50 балл):
- Түпнұсқалығы – 5 балл;
- Мақсаттар мен мазмұнның сәйкестігі – 10 балл;
- Ақпараттық қанықтығы – 10 балл;
- Жұмыстың ғылымилығы, тақырып бойынша қателердің болмауы – 5 балл; Безендірудің эстетикалығы, шешімнің жұмыс тақырыбына сәйкестігі – 5 балл;
- Сөйлеу эстетикасы – 5 балл;
- Қатысушылардың бірыңғай стилі, сыртқы түрі – 5 балл;
- Қосымша материалдың көмегімен тақырыпты ұсыну (бейнеролик және т. б.) – 10 балл.
ІІ тур. Ғылыми жобалар конкурсы (үй тапсырмасы)
 
Таңдау тақырыптар:
- Ахмет Байтұрсынов – Ұлт ұстазы;
- Жаңа Қазақстан және саналы ұрпақ;
- ХХІ ғасырдың цифрлық педагогика.
 
Сөйлеу регламенті –10 минуттан аспау қажет.
Бағалау критерийлері (ең жоғары – 100 балл):
- Ақпаратты ұсыну және таныстыру, регламентті сақтау, сөйлеу мәдениеті – 10 балл.
- Талдау және сыни ойлау – 10 балл;
- Мәселенің мазмұндалуының қисындылығы және толық ашылуы – 10 балл;
- Мәселеге бағдарлану/сипаттау    (теориялық    материалды    меңгеру,   қазіргі әдебиетті білу, күтілетін нәтиже, болжамдар, әдістер) – 10 балл;
- Жоба мазмұнының олимпиада тақырыбына сәйкестік дәрежесі – 10 балл;
- Ғылыми жаңалығы және тәжірибелік маңыздылығы – 10 балл;
- Ұсынылған жобаның теориялық негіздемесінің тұтастығы және сөз сөйлеу мазмұнын құрудың қисындылығы – 10 балл;
- Конструктивті-ұйымдастырушылық және коммуникативтік біліктер – 10 балл;
- Жобаны ұсыну нысанының бірегейлігі – 10 балл;
- Педагог-психологтың кәсіби стандарттары туралы өзекті ақпаратты меңгеру- 10 балл;
 
III    тур.    Психологиялық-педагогикалық    жағдайлар    бойынша    тренинг бағдарламасын әзірлеу
Регламент – 5 минуттан аспау қажет.
Тақырыбы:      “Білім      беру      кеңістігінде      балаларды      психологиялық- педагогикалық қолдау”.
Тапсырма: Оқушы тұлғасының қалыптасуына теріс әсер ету және қазіргі жағдайда әртүрлі мәселелерді шешу нәтижесінде пайда болатын жастардың мәселелерін шешуге
 
бағытталған     психологиялық-педагогикалық    тренинг     бағдарламасын     ұсыныңыз (ұсынылған тақырып бойынша).
Конкурстың мақсаты:
- студенттердің психологиялық-педагогикалық білімдерін жүйелеу;
- педагог-психологтың кәсіби құзыреттілігін өзектендіру және дамыту;
- психологиялық-педагогикалық білім саласындағы ой-өрісін кеңейту;
- қатысушылардың логикалық және сыни ойлауын дамыту;
- проблемалық жағдайларды шешуде креативті ойлауды дамыту.
- зияткерлік, кәсіби әлеуетті дамыту,
 
Бағалау критерийлері (ең жоғары – 50 балл):
- мәселенің себептерін сипаттай білу – 5 б.;
- психологиялық-педагогикалық әдістері    мен    стратегиясын    таңдай    білу негіздемесі – 10 б.;
- мәселені шешу жолдарын сипаттау – 10 б.;
- педагог-психолог  қызметінің   әр   түрінде   көрсете   білу:    диагностикалық, ағартушылық, түзету, кеңес беру – 10 б.
- шығармашылық – 5б.;
- түпнұсқаулық, ерекшелігі – 5б.;
- дәлелділік – 5б.
Олимпиада комиссиясының отырысы 2023 жылдың 28 сәуірінде өтеді, республикалық пәндік олимпиаданың нәтижелері https://yu.edu.kz/ сайтында 2023 жылғы 29 сәуірден кешіктірмей ілінеді. 1, 2, 3 орын алған республикалық олимпиаданың жүлдегерлері Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.
Байланыс телефондары: Бегимова Малика Маратовна +7 7751604768 (WhatsApp), е-mail: malika.begimova@yu.edu.kz.
Олимпиаданың өткізілу мекен-жайы – Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті, Ақтау қаласы, 32 шағын аудан.
1 қосымша ХV Республикалық студенттік олимпиадаға қатысуға өтінім (әрбір қатысушыға толтырылады) тіркеу карточкасы
Команда атауы 
1. Қатысушының аты-жөні (толық) 
2. Шифр, мамандық, курс, оқу тілі 
3. ЖОО (толық атауы) 4.Мекен-жайы 
5. Қатысушының Байланыс телефондары/ E-mail 
6. Команда басшысының Т.А.Ә., лауазымы және байланыс телефоны, факс 
ЖОО басшысының қолы, мөрі