Диссертациялық кеңестер ашылды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің 2023 жылғы 29 наурыздағы № 141 бұйрығына сәйкес Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде 8D05201 (6D060800) – Экология, 8D07210 (6D070800) – Мұнай-газ ісі, 8D07208 (6D070600) – Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңестер ашылды.