Парасаттылық сағаты

7 қыркүйек күні Yessenov University-де парасаттылық пен академиялық адалдық мәселелеріне арналған Парасаттылық сағаты өтті.

Парасаттылық сағатында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Б.М. Хайруллин «Адалдық – парасаттылықтың белгісі» тақырыбында презентация жасап, студенттерге дәріс оқыды.

Сағат барысында, Парасаттылық – бұл қазақстандық қоғамда, оның ішінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті, заңнама нормаларын сақтауға ұмтылысты, студент жастардың академиялық адалдығын, білім және мәдени деңгейін арттыруға бағытталғындығы аталып көрсетілді.