2020 жылдың 24 тамызынан бастап ҮББИ жұмысы шеңберінде «Қашықтықтан оқыту форматында жұмыс істеу үшін ЖОО-ның академиялық және басқару персоналының біліктілігін арттыру» курстары өтеді. Тренингтердің мақсаты: Қашықтықтан оқытуды іске асыру шеңберінде оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін кәсіби дағдылар мен құзыреттерді дамыту. 300 – ге жуық ПОҚ Университеттің үздік білікті тренерлері – Ж. Бубекбаева, Г. Каламова, Н. Буюклиев, Ш. Мендалиева, Ж. Таскинбайқызы, А. Айтимова, Е. Другакова, Ф. Каюпова, Б. Ягалиева, А. Жилкишбаевтан қашықтықтан оқыту форматындағы жұмыс дағдыларын игереді. Онлайн режиміндегі бес күндік курстарға тыңдаушы аудиторияның белсенді қатысуы слайд-материалдардың сүйемелдеуімен және талқылаулармен өтеді.