Үздіксіз білім беру институты (ҮББИ) – үздіксіз білім беру жүйесінде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың өзекті білім беру бағдарламаларын іске асыратын, өндірістік салада және білім беруде инновациялық процестерді қолдауды жүзеге асыратын, әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау ғылыми-техникалық прогрестің, экономикалық дамудың талаптарына, өндіріс пен әлеуметтік саладағы құрылымдық өзгерістерге байланысты бұрын алынған кәсіптік білім мен дағдыларды тереңдету немесе жаңа кәсіптік білім алу мақсатында, сондай-ақ азаматтардың өздерінің кәсіптік даярлығын арттырудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

ҮББИ – жоғары және орта білімі бар мамандарды, әлеуметтік қызметкерлерді және т. б. кәсіби қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын «Yessenov University» беделді білім беру орталықтарының бірі.