Бейресми білім беру – бұл ресми құрылымдардан тыс жерлерде (мектептерде, университеттерде), яғни әртүрлі курстарда немесе жұмыс орнында өтетін және ресми құжатпен (куәліктер, сертификаттар) расталған құрылымдық білім беру.

2020 жылдың қаңтарынан бастап ҮББИ күндізгі және арақашықтықтан оқыту формаларындағы бітіруші топтардың студенттеріне арналған бейресми білім беру курстарын ұйымдастыруды қолға алуда.

Пәндерден қарызы бар студенттерге арналған курстар мен емтихандарды өткізу туралы қосымша ақпаратты «Хабарландырулар» бетбелгісінде оқуыңызды сұраймыз.