«Social Project» әлеуметтік жобалар

10 сәуір күні Yessenov University студенттері, колледж студенттерінің арасында «Social Project» әлеуметтік жобалар байқауы онлайн режимінде өтті.

Байқау сарапшылары ретінде Нұр-Сұлтан қаласынан Жастар қызметкерлері қауымдастығы төрағасы, Жастар ісі жөніндегі ұлттық тренерлер пулының тренері Наурызбаев Нұрлыбай, Маңғыстау облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Уралбаев Мұқаш, университеттің Тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры Гулимай Аманиязова, «Каспий кәсіпкерлік орталығының» маманы Гүлжазира Қосмағамбетова қатысты.
Жоба тақырыптарында қоршаған ортаны, экологияны сақтауға, мүгедек және қарт адамдарға жағдай жасауға, туризмді дамытуға, волонтерлықты дамытуға, қалдықтарды қайта өңдеуге арналған әлеуметтік маңызды мәселелер талқыланды.
Онлайн-байқау қорытындысы бойынша Альчагир Алфияның «Гражданская инициатива не селе», Нысанбай Ақбибінің «Құм терапиясы», Қабдол Нұрдаулеттің «Воздушная зебра» жобалары үздік деп танылды.