19 қазан күні Республика күніне орай білім ордасы Yessenov University-де профессор-оқытушылар құрамы және білім алушыларымен Маңғыстау облысы Прокуратурасының бірінші орынбасары Тойжан Марат Серікұлының қатысуымен кездесу болды.
Кездесуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі туралы тақырып талқыланды.
Өңір Прокуратурасының бірінші орынбасары студенттерге республикамыздың маңыздылығы мен Тәуелсіздігіміздің құндылығы тақырыбында сөз қозғап, шараға қатысушылардың қойған сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.