15 сәуір күні Yessenov University-де Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулдығымен бірлесе ұйымдастыруымен «Су бетіндегі сұлулық» атты мәдени-танымдық шара өтті.
Су бетіне сурет салу, яғни, Эбру өнері Үндістандан бастау алып, Парсы, Түркия елдерінде кеңінен қанат жайған. Суреттер тек қағаз бетіне ғана емес, сондай-ақ мата бетіне де көшіріледі.
Шараға Түркиядан өнертанушы, Эбру өнерінің һас шебері Нурбану Яшар өзінің өнер туындыларымен таныстырып, шеберлік сағатын өткізуге арнайы келді.
Yessenov University-де студенттердің шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында бірнеше үйірме бар. Соның ішінде «Бейнелеу өнері» үйірмесі жұмыс жасауда.