2024-жылдың 4-наурызында Үздіксіз білім беру институтының ұйымдастыруымен пікір және тәжірибе алмасу мақсатында Назарбаев Университеті спикерлері Есенов университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесті.
Халықаралық ауқымдағы білім беру саласындағы сарапшылар «Математика дегеніміз не», «Талапкерлерді қабылдаудың халықаралық тәжірибесі», «Көмірдегі сирек жер элементтерінің (REE) дәстүрлі емес шөгінділерін зерттеу», «Қазақстанда 1991 жылдан кейінгі кеңестік өткен тарихты сақтау және құру саясаты» тақырыптарында қонақ дәрістер өткізді.
Білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға «Халықаралық бөлім», «Қабылдау Кеңсесі» құрылымдық бөлімшелерінің, қазақ-неміс институтының, теңіз академиясының қызметкерлері, сондай-ақ «Тарих», «Экология және геология» және «Жаратылыстану ғылымдары» кафедраларының оқытушылары мен студенттері қатысты.
Тәжірибе алмасу бойынша әрбір қонақ дәрісінде жоғары білікті спикерлер әріптестерімен қолданбалы білімдерімен бөлісті, трансформация процестері және университетте атқарылған жұмыстар туралы айтып берді.
Оқытушылар пікірлерімен бөлісті, ал студенттер пікірталастарда белсенді сөз сөйледі. Кездесу жанды қарым-қатынас пен өзара қызығушылық атмосферасында өтті.
Әріптестер жоғары оқу орындары арасындағы жемісті ынтымақтастыққа жылы лебіздерін білдірді.