29 қараша күні Yessenov University-де Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы өңіріміздің белсенді жастары және университетіміздің студенттерімен кездесті.
Наурызбай қажы Діни басқарманың бес бағыт жұмыстарын толық жеткізіп, қоғамды ізгілендіруде жастардың жөні бөлек екеніне тоқталды. Сонымен қатар жат ағымнан сақтану, салт-дәстүрге құрметпен қарау, ата-анаға жақсылық жасау жайлы баяндады.
Жиналған жастар Бас мүфтиден қоғамдағы діни ахуал турасында, жастарды жат ағымнан сақтандыру жолындағы жұмыстары жайлы айтуын сұрап, сұрақ-жауап алмасты.