«Бекет-Ата және ихсан ілімі» атты танымдық конференция

29 қараша күні Yessenov University-де «Бекет-Ата және ихсан ілімі» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен пленарлық сессияда елімізге танымал ғалымдар таныстырылды.

Әдебиет және өнер институты Бас директорының орынбасары, ф.ғ.к., доцент Қ.Төреәлі, «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы Р. Әкімбаев және ҚМДБ Уағыз-насихат бөлім меңгерушісінің орынбасары Д. Сейфуллин және Yessenov University президенті Б. Ахметов баяндама жасады.

Конференция аясында спикерлер «Маңғыстау облысындағы ХІІІ-XIV ғасырлардағы сопылық ілім», «Бекет ата тұсындағы Маңғыстау сопылары», «Исламдағы аскетизмнің пайда болу факторлары» тақырыптарын қозғады.