Yessenov University 29 қыркүйек күні студенттерге арналған «Нашақорлықтың алдын- алу, есірткіні тұтыну және тартылуының құқықтық аспектілері» тақырыбында түсіндірме бағыттағы дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға «Есірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының жедел уәкілі» Жанбаев Дастан Кенжебайұлы қатысты. Дәріс барысында есірткі зияны, оның таралу жолдарынан құтылу, нашақорлықтың денсаулыққа әсері жайлы тақырыптар қозғалды. Студенттер сұрақтарына жауап алып , арнайы дайындалған бейнеролик көрсетілді. Есірткі- заман кесілі – деген оймен қорытыланды.