Жайлы және қауіпсіз қалалық орта

Yessenov University Каспий кәсіпкерлік орталығы “Бизнес және құқық” факультетімен бірлесіп, “Кәсіпкерлік негіздері” пәнін оқу аясында табысты кәсіпкерлермен, билік өкілдерімен, сарапшылармен, инноваторлармен студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның қонақ және менторлық кездесулерін бастады.

“Жайлы және қауіпсіз қалалық орта” тақырыбы бойынша қонақ дәрісінің алғашқы спикері Ақтау қаласы әкімінің орынбасары – Гусман Серік Гимиранович болды, ол қала дамуының негізгі аспектілері, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының проблемалық мәселелері туралы, азаматтардың өмір тіршілігінің жайлылығы мен қауіпсіздігінің негізгі нысандарының бірі ретінде айтып берді.

Дәріс соңында спикер студенттерді белсенді, бизнеске бағытталған болуға және кез-келген қызмет саласында жетістікке жету үшін көшбасшылық қасиеттерге, белгілі бір мақсаттар мен дағдыларға ие болуға, адамдарды ұйымдастыра білуге және уақытты сауатты басқаруға және басқаларға көп нәрсе жасауға шақырды.