13 желтоқсан күні Yessenov University-де «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласындағы мамандардың ұсыныстары мен пікірлерін тыңдау және есепке алу.
Дөңгелек үстелге университеттен академиялық жұмыс жөніндегі вице-президент Макулов Қ.Қ., Оқу-әдістемелік бөлім басшысы Мендалиева Ш.О., «Білім беру» факультетінің деканы Озгамбаева Р.О., Мансап офисінің басшысы Жұмабаева Л.О., сонымен қатар, балабақшалардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасын талқылап, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытумен қамту мәселелері өлкемізде күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелердің бірі екендігі айтылды.
Осы мәселелерді шешу мақсатында Yessenov University-де «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасын ашу маңыздылығы да сөз болды. Қаламыздағы мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің мамандарымен бірлесе отырып осы мәселелерді талданды. Маңызды мәселелер талқыланып, оң пікірлер айтылды. Білім беру бағдарламасына байланысты айтылған ұсыныстар қабылданды.
Қазіргі еңбек нарығында сапалы мамандардың қажеттілігі айқын сезіліп отырған кезде, сапалы маман даярлауда оқу орны мен жұмыс беруші арасындағы серіктестік қызметті дамыту аса маңызды екендігі айтылды.
Университетіміз академиялық дербестік шеңберінде жұмыс берушілермен өзара байланысына айрықша мән беріп отырғандығы туралы да айтылды. Университет тарапы жас мамандарды даярлау ісінде жұмыс берушілерді ынтымақтастықта болуға шақырды.