Медициналық қызмет көрсету

Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету үшін университетте санитарлық норма талаптарына сай жабдықталған медициналық кабинет бар.

Онда көрсетілетін қызмет түрлері:

  • білім алушыларға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсету;
  • медициналық көмек алу үшін қызмет көрсетуші медициналық орталыққа жіберу;
  • білім алушылардың профилактикалық медициналық қарауларын ұйымдастыру;
  • диспансерлік есепте тұрған білім алушыларға бақылау жүргізу;
  • жұқпалы аурулар анықталған кезде эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу;
  • жұқпалы аурумен ауырған адамдармен қарым-қатынаста болған тұлғаларға динамикалық бақылау жүргізу;
  • салауатты өмір салтын насихаттау, санитарлық-гигиеналық тәрбие;
  • санитарлық-ағартушылық жұмыс;
  • 063 нысан (профилактикалық екпе картасы) бойынша жаңа қабылданған студенттердің профилактикалық екпелер жоспарын жасау;
  • жатақханаға орналасатын білім алушыларды қарау және анықтама беру;
  • емханаға тіркелген білім алушылар контингентіне жүйелі есеп жүргізу;

Сонымен қатар, студенттерді толыққанды медициналық қызметпен қамтамасыз ету үшін YU мен «REAMED» қалалық емханасы арасында келісім-шарт жасалған.
Білім алушылар емханаға тіркеледі және ақысыз көрсетілетін медициналық қызмет түрлерін алады.

  • Байланыс телефондар: + 7 (7292) 778 - 778 (272)
  • +77479098178 - Бекмурзаева Жанар Шражатдиновна