Мазандаран провинциясы суретшілерінің жұмыстарының көрмесі

Наурыз мерекесі қарсаңында Yessenov University қабырғасында Иран Ислам республикасының Бас консулдығының қолдауымен Мазандаран провинциясы суретшілерінің танымал жұмыстарының үш күнге созылатын көрмесі басталды. 

Каллиграфия, миниатюралық сурет, қолөнер бағытындағы рухани байлығы мол туындылар Иран елінің мәдениетімен танысуға керемет мүмкіндік береді. 

Университет Президенті Берік Ахметов екі ел арасындағы байланысты нығайтып жүрген Иран Ислам республикасының Бас консулы Хабиболла Малакутифарға алғысын айтты.