Студенттеріміз «Zhalyn Cup IV» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

Студенттеріміз «Zhalyn Cup IV» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары атанды

2022 жылдың 12-13 наурыз күндері  «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Медицина университетінің» 65 жылдық мерейтойына орай,  «Жалын» пікірсайыс клубының ұйымдастыруымен  «Zhalyn Cup IV»  республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Ел ертеңі болатын жастарды тәрбиелеу үшін олардың интеллектуалды әлеуетін арттыру және көшбасшылықты қалыптастыру мақсатында өткізілген пікірсайыста Yessenov University студенттері жүлделі 3-ші орынды иеленді.

Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріміз көп болсын!